Әкімшілік хаттама толтырылды.
Шардара қаласында жолаушыларды заңсыз тасымалдауға қарсы рейдтік іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының үйлестіруімен Шардара қаласында жолаушыларды заңсыз тасымалдауға қарсы құзырлы органдармен рейдтік іс-шара өткізілді.
Арнайы рейдтік іс-шара «Заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою, жол-көлік оқиғаларын алдын алу туралы» Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес өтті. Шара нәтижесінде 5 әкімшілік хаттама толтырылды.
Айта кетейік, мұндай рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.