ТҮРКІСТАН: Заңсыз жанармайды тасымалын болдырмау мақсатында рейд жүргізіліп жатыр

0
799

Жанар-жағармайды заңсыз тасымалдауға жауапкершілік бар екенін ескертеміз!


ТҮРКІСТАН: Заңсыз жанармайды тасымалын болдырмау мақсатында рейд жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаудың жолын кесу мақсатында рейд жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының тәртіп сақшылары автокөліктерді тексеріп, қосымша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Басты мақсат – жанар-жағармайдың облыстан тысқары аумақтарға заңсыз тасымалдануына жол бермеу, жүргізушілерге жолдағы қауіпсіздік пен жанармай мәселесі бойынша түсіндірме жүргізу.


«Түркістан облысы аумағында сенбі, жексенбі және мереке күндері әрдайым құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу мақсатында күндізгі және түнгі рейд жұмыстары жүргізіледі. Ал бұл жолғы бекеттегі рейд ҚР ІІМ нұсқауы мен Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес жанар-жағармайды заңсыз тасудың алдын алу бойынша өткізіліп жатыр. «Самара-Шымкент» тас жолында орналасқан «Сауран» стационарлық бақылау шеп-бекеті Батыс Еуропа мен Батыс Қытай халықаралық трассасы бойында орналасқандықтан жүк көліктері, транзиттік және шетелдерге бағыт алған автокөліктер көптеп өтеді. Жалпы облыс бойынша 3 аумақта, Сауран шеп бекеті, Түлкібас ауданы Шақпақ бекеті мен Келес ауданы Қонысбаев кеден бекетінде дәл осындай рейд ұйымдастырылуда. Барша жүргізушілерді жолдағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, заң бұзушылыққа бармауға, жол бермеуге шақырамыз! Жанар-жағармайды заңсыз тасымалдауға жауапкершілік бар екенін ескертеміз!», - деп атап өтті Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев.