ТҮРКІСТАН: Зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтар тігін тігіп, кесте тоқып жатыр

0
612

Дәріс алушылар ою-өрнектер үйреніп, өз қолдарымен тоқыма тоқып, орталықтың көрме залына қойып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтар тігін тігіп, кесте тоқып жатыр

Келес ауданында зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтар тігін тігіп, кесте тоқуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданында тігін тігу, кесте тоқу шеберлігі бойынша зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтарға үйірме сабағы өткізілуде. Аталған шара аудан орталығындағы «Қазыналы қария - Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ұйымдастырылды. Дәріс алушылар ою-өрнектер үйреніп, өз қолдарымен тоқыма тоқып, орталықтың көрме залына қойып жатыр.


«Кесте және көркемдеп тігу – ою-өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Қазақтың ұлттық кестелеу өнері тарихының түп- тамыры ғасырлар қойнауында жатыр», - дейді әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры Айгерім Төлепбергенова.


«Қазыналы қария - Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы Келес ауданының зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтарды орталыққа келіп, тігін тігу және кесте тоқу бойынша үйірме сабағына қатысып, қосымша басқа да емдік шаралармен спорттық салауатты белсенді ұзақ өмір сүруге шақырады.