ТҮРКІСТАН: Жаңартылатын энергия көздері бойынша келіссөздер жүргізілді

0
439

Кездесу барсында жалпы қуаты 1,34 ГВт болатын жаңартылатын энергия көздері станцияларын салу мәселесі бойынша келіссөз жүргізілді.


ТҮРКІСТАН: Жаңартылатын энергия көздері бойынша келіссөздер жүргізілді

Түркістан облысында инвесторлармен жаңартылатын энергия көздері станцияларын салу бойынша келіссөздер жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Қытайдағы ірі компания «China Gezhouba Group Overseas Company Co., Ltd» өкілдерімен кездесті.


Кездесу барсында жалпы қуаты 1,34 ГВт болатын жаңартылатын энергия көздері станцияларын салу мәселесі бойынша келіссөз жүргізілді.Жалпы инвестор 1,5 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салады деп жоспарланған. Жобаларды жүзеге асыру және пайдалану кезеңінде 2 мыңнан аса жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады.


«China Gezhouba Group Overseas Investment Co., Ltd.» компаниясының өкілдері бұл электр станциялары Түркістан өңірінің ғана емес, Қазақстанның энергетикалық әлеуетін көтеруге серпін беретініне сенімді екенін жеткізді. Сонымен бірге экологиялық жағдайды жақсартуға да үлес қосатынын атап өтті.


Келіссөздер нәтижесінде, жұмыс басталып, электр станцияларының біріншісі 2025 жылы, ал соңғысы 2028 жылы пайдалануға берілу жоспарлануда.


«China Gezhouba Group Overseas Company Co., Ltd» кәсіпорнының әлем бойынша 99 елде филиалы бар.Оның бизнесі 142 елде жүріп тұр. Компания жылдар бойы Қытайдың 4000-нан астам «жаһандық» компанияларының арасында алғашқы ондыққа кірді.