ТҮРКІСТАН: «Жастар практикасы» бағдарламасының мерзімі 1 жылға дейін ұзартылуы мүмкін

0
651

Бұл жоба жас мамандарға арналған үлкен мүмкіндік.


ТҮРКІСТАН: «Жастар практикасы» бағдарламасының мерзімі 1 жылға дейін ұзартылуы мүмкін

Түркістан облысында жұмыссыздықты азайту мақсатында жобалар әзірленеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ел Президенті Қ.К.Тоқаев Парламент Мәжілісіндегі Үндеуінде жастардың мәселелерін шешуге арналған бірнеше нақты тапсырмаларды берген болатын. Солардың бірі «Жастар практикасы» мерзімінің 1 жылға дейін ұзартылуы. Жастар арасында жүргізілген сауалнама барысында бұл жобаның жас мамандарға арналған үлкен мүмкіндік екені айқындалды. Бұл туралы бүгінгі брифингте "Jas Otan" ЖҚ Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұман мәлімдеді.


“Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай ел аумағында танымал ЖОО-ның кемінде 5 филиалын ашу керектігін және оның 2-і техникалық болу қажеттігін атап өткен болатын. Аталған тапсырма бойынша Білім және Ғылым министрлігі атқарылуы тиіс жұмыстарды бастап та кетті. Қазіргі таңда халық тығыз орналасқан өңірлерден оқуға түсушілер үшін техникалық бағыттар бойынша 10 000 грант бөлу жоспарлануда. Олардың қатарында біздің облысымыз да бар”– деді Жансерік Бауыржанұлы.


Сонымен қатар, брифингке қатысқан Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының директоры Ерасыл Төлебаев Президент тапсырмасына сәйкес әскери борышын өтеуге жастарды ынталандыру қажеттігін атап өтті. Оған қоса, өңір жастарының арасында жұмыссыздықты азайту мақсатында Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-мен бірлесіп жасағалы жатқан жобаларымен бөлісті.