ТҮРКІСТАН: Жастарға баспана алу, кәсіп ашу мәселелері бойынша кеңес беру жұмыстары жалғасып жатыр

0
511

Ббірқатар азамат жұмысқа орналасатын болды.


ТҮРКІСТАН: Жастарға баспана алу, кәсіп ашу мәселелері бойынша кеңес беру жұмыстары жалғасып жатыр

Түркістан облысында жастарға баспана алу, кәсіп ашу мәселелері бойынша кеңес беру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында «Жастарға - Кеңес» жобасы аясында жастарға баспана алу, кәсіп ашу, жұмысқа орналасу сияқты мәселелер бойынша кеңес беру жұмыстары жалғасып жатыр.


Осы орайда Түркістан қаласында орналасқан «Қуаныш» базарында облыстық «Жастар Рухы» ЖҚ ұйымдастыруымен тұрғындарға, қала жастарына кеңес беру жұмыстары жүргізілді.


Іс-шара аясында қазіргі таңдағы өзекті мәселелер – баспана алу жолдары мен жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, жеңілдетілген несие бойынша сұрақтарға жауап берілді.


Атап өтсек, кеңес беруге облыстық мәслихат депутаты Намазбаева Инара, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан облыстық филиалының басшы орынбасары Муйтембаев Азат, «АТАМЕКЕН» кәсіпкерлер палатасының менежер-кеңесшісі Құлажан Дамира, «Отбасы банк» АҚ Түркістан облыстық филиалының кеңесшілері, облыстық Жастар ресурстық орталығының өкілдері және Жұмыспен қамту орталығының маманы Әбләзім Жангелді қатысты.


Нәтижесінде, «Отбасы банк» кеңесшілерінің көмегімен 6 адам өз баспаналарына алғашқы салым салушы ретінде депозит ашты. Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталығының көмегіне 20-дам астам жас жүгініп, алдағы уақытта жұмыссыздық статусын алып, бос жұмыс орындарына мемлекеттік бағдарламалар арқылы орналасатын болды.


Кеңес алушылардың қатарындағы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі, жас маман Жайық Медет «Қоғамдық жұмыс» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыссыздық статусын алып, жұмысқа жолдама алатын болып шешілді.


Ал, базардағы кәсіпкерлер кәсібін дамыту мақсатында «Аграрлық несие корпорациясы» және «АТАМЕКЕН» кәсіпкерлер палатасы тарапынан ұсынылатын жаңа жобалармен танысты. Базар басшысы Инара Әбдігаппарқызы жұмыссыз жастарға бос жұмыс орындарын ұсынды.


«Жастарға жұмыс» жобасы алдағы уақытта Арыс, Кентау қалаларында жалғасын табатын болады, оған көптеп жұмыс берушілер шақыру көзделуде.