ТҮРКІСТАН: Жер қойнауын пайдалануға қатысты мәселелер талқыланды

0
207

Сұрақтар туындаған жағдайда Табиғат қорғау прокуратурасына жүгінуге болатыны жеткізілді.


ТҮРКІСТАН: Жер қойнауын пайдалануға қатысты мәселелер талқыланды

Түркістан облысында жер қойнауын пайдалануға қатысты өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының ұйымдастыруымен облыстық, аудандық жергілікті атқарушы органдар мен уәкілетті мемлекеттік органдар басшы құрамының қатысуымен жер қойнауын пайдаланудан туындаған өзекті мәселелер мекемеаралық мәжілісте талқыланды.


Іс-шара барысында келісімшарт пен лицензия негізінде берілген жер қойнауының жер учаскесіне құқық рәсімдеп нысаналы мақсатын ауыстыру, ауыл шаруашылығы, жер салығы мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған шараларға жергілікті бюджетке төлемдер төлеттіру мәселесі, су қорғау белдеуі мен су қорғау аймағынан жер қойнауын беру, сондай-ақ маркшейдерлік қызмет арқылы мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібіталқыланды.


Жиын барысында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты туындаған басқа да сұрақтар мен ұсыныстарға облыстық Жер ресурстарын басқару департаменті, «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының қызметкерлері тарапынан жауаптар берілді.


Мәжіліс қорытындысымен жоғарыда аталған органдарға көтерілген мәселелердің орындалуын бақылауға алу қажеттігі туралы ұсыныстар енгізілді. Жиынға қатысқан аудандық жергілікті атқарушы орган өкілдеріне алдағы уақытта сұрақтар туындаған жағдайда Табиғат қорғау прокуратурасына жүгінуге болатыны жеткізілді.

Бөлісу