ТҮРКІСТАН: Жетісай ауданындағы ауыз су жүйесі бақылауда

0
418

Бүгінде жергілікті тұрғындарды жаңа су жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде.


ТҮРКІСТАН: Жетісай ауданындағы ауыз су жүйесі бақылауда

Жетісай ауданында ауыз суға қатысты шағымдар мен ұсыныстар жиі айтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай ауданында жеке қабылдауда және әлеуметтік желілерде тұрғындар тарапынан ауыз суға қатысты шағымдар мен ұсыныстар айтылып жатады. Осыған байланысты аудан әкімі Серік Мамытов ауданның ауыз су мәселесін оңтайлы шешу, тұрғындарды жүргізілген жаңа ауыз су жүйелеріне қосу жұмыстарын ұйымдастыруды жылдамдату мақсатында Жетісай қаласындағы ауыз мекемесінде болды.


Бұрынғы Кеңес одағы кезеңінде салынып, тозығы жеткен Жетісай қаласы ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2020 жылы аудандық бюджеттен бөлінген қаржылар есебінен қаланы сумен жабдықтау жүйесін қайта құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жалпы сметалық құны 3,1 млрд теңгені құрайтын жобаның құрылысына 2021 жылы республикалық бюджеттен 690,8 млн теңге қаржы қаралып, «СтройЖолСервис Kz» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілді.


Ал 2022 жылға республика қазынасынан тағы 1,4 млрд теңге, өткен жылға 506,8 млн теңге қаржылар қаралып, жобаға сәйкес қала ішіндегі тозығы жеткен 180 шақырым шойын су құбырлары полиэтилен құбырларға ауыстырылған. Ауыз су қораптары орнатылып, санитарлық қорғау аймағынан сыйымдылығы 2600 текше метр болатын жаңадан 2 дана таза су резервуары, насос станциясының құрылысы және жаңадан 1 дана ұңғыма қазу жұмыстары жүргізілген. Құрылыс-монтаж жұмыстары өткен жылдың желтоқсанында толығымен аяқталып, қолданысқа берілген. Бүгінде жергілікті тұрғындарды жаңа су жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде.