ТҮРКІСТАН: Жетісайда диагностикалық орталықтың құрылысы жүргізілуде

0
1 052

Жеке кәсіпкер Бахтияр Шавкеев 2 қабатты диагностикалық орталығын салуда.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда диагностикалық орталықтың құрылысы жүргізілуде

Жетсайда замануи жоғары технологиялық медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталатын диагостикалық орталықтың құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Жетісай ауданында ауыз толтырып айтарлық жұмыстар жүзеге асырылуда. Айталық, Жетісай ауданы Жаңаауыл округіне қарасты Ынтымақ ауылында жеке кәсіпкер Бахтияр Шавкеев 2 қабатты диагостикалық орталықтың құрылысын жүргізуде. Аумағы атшаптырым нысанның құрылысы сәуір айында басталды. Бүгінде мұнда 14 құрылысшы үш ауысыммен жұмыс істеуде.

«Біздің салып жатқан нысанымыз диагностикалық орталық саналады. Алдағы уақытта тұрғындарға консультативтік және емдеу-диагностикалық қызмет көрсету түрлерінің кең спектрін ұсынатын боламыз. Орталық замануи жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен жабдықталады. Пациенттерге жоғары санатты дәрігерлер кеңес береді. Бұған дейін Шымкент, Түркістан қалаларына барып, тексеріліп жүрген аудан тұрғындары енді біздің орталықтан тексерістен өтуіне бар мүмкіндік жасалмақ», – дейді Сардар Шавкеев.

Шавкеевтер әулеті осыдан 3 жыл бұрын Жаңаауыл елдімекенінен өз қаражаттарына 150 орындық заманауи балабақша ашып берген болатын. Бүгінде ауыл тұрғындары балабақшаның игілігін көріп отыр. Қазірдің өзінде мұнда 150 бала тәрбиеленіп жатса, тағы 60 бала кезекте тұр. Осыны ескерген Сардар Бахтиярұлы сәуір айында балабақша жанынан 150 орындық мектепке дейінгі даярлық орталығының құрылысын бастап жіберіпті. Қазіргі таңда ғимараттың 2-қабаты қалануда. Аталған ғимарат алдағы желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде.

Шавкеевтер әулетінің баршаға үлгі болатындай игі істеріне жаңаауылдықтардың алғыстары шексіз!