ТҮРКІСТАН: Жетісайда командалық штабтық оқу-жаттығу өтті

0
476

Аудан бойынша құлақтандыру дабылы іске қосылып, жалпыға бірдей жаттығулар өтті.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда командалық штабтық оқу-жаттығу өтті

Жетісайда «Өрт – 2024» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Мақталы ауылдық округінің көршілес Өзбекстан республикасымен шекаралас Шолпанқұдық елді мекенінде «ӨРТ – 2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті. Арнайы бекітілген нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырылған шараға аудандық төтенше жағдайлар комиссиясының төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Досан Жамединов, аудандағы бірқатар құрылымдар мен бөлім қызметкерлері, жергілікті тұрғындар қатысты.


Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, дала өрті орын алуы ықтималдылығы жоғары аумақта шыққан өрттің күшеюіне жол бермеу, өрт сөндіру қызметі келгенше алғашқы әдіс-тәсілдерді үйрету, шекара маңын қураған шөптерден тазартып, өртке қарсы жолақтар жүргізу сынды жұмыстар жүргізілді. Аудан бойынша құлақтандыру дабылы іске қосылып, жалпыға бірдей жаттығулар өтті.


Осылайша аудандағы төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт кезінде адам шығынын болдырмау және ережеге сәйкес дер кезінде іс-қимыл атқаруды дұрыс ұйымдастыру мақсатында өткен республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу жұмыстары тағы да бір рет пысықталды. Өйткені еліміздің зайырлы, декмократиялы ел болып қалыптасуында үлкен маңызға ие Конституциямызда ең алдымен адам және адам өмірі, оның бостандықтары мен құқықтары бірінші орынға қойылған. Адамның амандығынан қымбат нәрсе жоқ.