Мәжіліс барысында бірқатар ұсыныстар айтылды.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жетісай ауданына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Жетісай ауданына жұмыс сапарымен барды. Аудандағы этнос өкілдерімен, қоғамдық ұйым басшыларымен кездесу өткізіп, ел ағаларымен сұхбаттасты. Мәжіліс барысында бірқатар ұсыныстар айтылды. Олардың қатарында стадион салу, билбордтар орнату, мектеп жолы бойында асфальт салу, жарықшамдар орнату секілді өзекті мәселелер бар. Сонымен қатар ата-аналар балаларына деген жауапкершілікті арттырса деген тілек айтылды. Этнос өкілдерін мектепте бастауыштан бастап біріктіріп оқытуды ұсынды. Аудан деңгейінде шешілетіндерді жергілікті әкімдік қарастырамыз деді.
Мәжілістен соң ауданда қарқынды жүріп жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысын аралады. Бірінші кезекте Жылы су ауылдық округі, Баққоныс ауылында барып, ФАП құрылысымен танысты. Мердігер – «Construction Group SAMRUK» ЖШС. Жоба құны – 303, 208 млн теңге. Құрылыс нысаны 2023 жылы басталған.
Жетісай аудандық орталық ауруханасының күрделі жөндеуден кейінгі жағдайымен танысты. Аралап, оң бағалады. Мердігер – «ҚазЕвроСтрой» ЖШС. Аурухана алдынан заман талабына сай қабылдау бөлімі ашылған. Оған қоса магнитті резонанстық томография медициналық құрал жабдығын орнату үшін қосымша ғимараттар бой көтерді. Сонымен қатар ауруханаға қосымша ангиограф медициналық құрал жабдығы орнатылған. Алдағы уақытта күрделі оталарды ауданда да жасауға мүмкіндік туады. Қазіргі таңда науқастарға толық көлемде медициналық қызмет көрсетуде.
Қазыбек би ауылдық округіндегі №17 Түркістан жалпы орта мектебінің ғимаратымен танысты. 1972 жылы салынған мектепте екі ауысымда 628 бала білім алады. Типтік білім ошағының ғимараты екі қабатты. Облыс әкімінің орынбасары күрделі жөндеуден өткізуге ұсыныс беруді тапсырды.
Құрманбек Жандарбеков атындағы облыстық Жетісай драма театрына барды. Аталған театр алғашқы шымылдығын 1969 жылы ашқан болатын. Алғашқы маусымашар Қ.Шанин қоюшы-режиссерлік еткен классик жазушы Б.Майлин мен Е.Брусиловскийдің «Жалбыр» драмасымен бастау алған еді. 55 жыл ішінде 200-ден астам түрлі жанрдағы шығармаларды сахналаған театр бүгінде өз көрерменін қалыптастырған. Сондай-ақ талантты ұжым көптеген жетістіктерге жетіп жүр.