ТҮРКІСТАН: Жетісайдағы жолдардың сапасы бақылауда

0
425

Бірінші кезекте аудан басшысы ішкі жолдарға төселіп жатқан асфальттардың сапасын, төселген тастар мен асфальттардың құрамын, қалыңдығы мен енінің ұзындығын назарға алды.


ТҮРКІСТАН: Жетісайдағы жолдардың сапасы бақылауда

Жетісай ауданында елді мекендер мен ауданаралық жолдарды қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Соңғы жылдары Жетісай ауданында елді мекендер мен ауданаралық жолдарды қалпына келтіру, тас төсеп, асфальттау, тозығы жеткен немесе жаңадан салынған көшелерде тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда.


Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов бүгін тиісті сала басшыларымен Қазыбек би ауылдық округіндегі жол жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізді.


Бірінші кезекте аудан басшысы ішкі жолдарға төселіп жатқан асфальттардың сапасын, төселген тастар мен асфальттардың құрамын, қалыңдығы мен енінің ұзындығын назарға алды.


Аудан тұрғындарының жүріп-тұруына қолайлы орта қалыптастастыра отырып жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамыту мақсатында биылғы жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 933 млн теңгеге Ә.Оспанов, Құрбан ата, Сырабат елді мекендеріндегі жалпы ұзындығы 27,9 шақырымды құрайтын 35 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.


Жергілікті бюджет және субвенция есебінен 434,3 млн теңгеге жалпы ұзындығы 11,08 шақырымды құрайтын 10 көшеге, республикалық бюджеттен бөлінген 300 млн теңгеге жалпы ұзындығы 12 шақырым көшеге орташа жөндеу, 66,1 млн теңгеге жалпы ұзындығы 3,92 шақырымды құрайтын 10 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.


Жергілікті тұрғындармен кездесу барысында аудан басшысы ауыл ақсақалдары мен жастарды санитарлық тазалықты сақтап, абаттандыру жұмыстарын жүргізуге шақырды. Бірінші кезекте тазалықтың әркімнің өзі үшін маңызды екенін түсіндірді.


Сондай-ақ өткен жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын дамытуға Ұлттық қор, облыстық және жергілікті бюджет есебінен 1 млрд 983,5 млн теңге бағытталып, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жалпы ұзындығы 44 шақырымды құрайтын 61 көшеге, жергілікті бюджет және субвенция есебінен 624,2 млн теңгеге жалпы ұзындығы 26,5 шақырымды құрайтын 43 көшеге орташа жөндеу, 55,1 млн теңгеге жалпы ұзындығы 4,85 шақырымды құрайтын 10 көшеге (тас төсеу) жөндеу жұмыстары жүргізілген.


Одан бөлек, елді мекендерге кіреберіс 2 көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 10,8 млн теңге, аудандық маңызы бар 3 автомобиль жолының жөндеу жұмыстарын аяқтауға облыстық бюджет есебінен 60,2 млн теңге бөлініп, пайдалануға берілген.