ТҮРКІСТАН: Жол-көлік оқиғасының негізгі себептері белгілі болды

0
1 375

Облыста жыл басынан бері 800-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген.


ТҮРКІСТАН: Жол-көлік оқиғасының негізгі себептері белгілі болды

Түркістан облысында жыл басынан бері 800-ден астам жол-көлік оқиғасы орын алып, өткен жылмен салыстырғанда 11,3%-ға төмендеген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қылмыстарды болдырмау, алдын алумен қатар, осы жол қозғалысы ережесінің сақталуын қатаң бақылауға алған. Бүгінгі таңда полиция қызметкерлері көшеде жылдамдықты асырған көліктерді жіті назарға алып, жедел-профилактикалық іс-шаралар, рейдтер, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қажет кезінде жаднамалар таратуда. Оған қоса оқушылар тарапынан көлік жүргізушілерге хаттар жазып ұсынуда.

Жалпы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету дегеніміз - бұл жол-көлік оқиғаларының туындау себептерінің алдын алуға және олардың ауырлығын азайтуға бағытталған қызмет.

Жүргізушілер, жаяу жүргіншілер, жолаушылар, сондай-ақ жол қозғалысына қатысатын басқа да адамдардың барлығы өзінің жолда жүру ережесін жетік білсе, бұндай олқылықтар болмас еді.

Осы тұрғыда, Түркістан облысы полиция департаменті жол-көлік оқиғасының негізгі себептерін атап өтті:

1. Барлық жол-көлік оқиғаларының ең айқын себебі – есірткіні немесе алкогольді пайдаланып жүргізу. Бұл жағдайда көлік басқармауды жақсы білседе, кейбіреулер ережені елемейді. Салдарынан өз өмірімен қатар, өзгенің де өміріне айтарлықтай залал келтіреді.

2. Жылдамдықты арттыру өліммен аяқталған ЖКО-ның ең көп таралғаны. Осы тұста «ертерек жетсем деп, жұлқынған» жүргізушілер ісінің нәтижесінде қорқынышты апаттар болып жататыны белгілі.

3. Негізінде көлік айдағанда ұялы телефон арқылы сөйлесуге тыйым салынады, алайда кейбіреулері тек қана сөйлесіп қана қоймай, хабарламалар жіберіп, оқуға тырысады. Мұндай немқұрайлылықтар соңы қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін.

4. Ауа райы және жол жағдайларын жете бағаламауда өзіндік кері әсерін тигізеді. Жыл мезгіліне байланысты дөңгелекті уақытылы ауыстыру жүргізушілерді жолдардағы көптеген қиындықтардан қорғайды.

5. Қауіпсіздік белдіктерінің тиімділігі олардың өмір сүру жылдарымен дәлелденген, дегенмен көптеген жүргізушілер мен жолаушылар олардың пайдалануын ескермеуді жалғастыруда, сол арқылы өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Түркістан облысының кейбір жүгенсіз кеткен жүргізушілерін тәртіп сақшыларымен қатар, бейнебақылау камералары бақылайтынын ұмытпаңыз. Киелі Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы бері көптеген ауқымды істер атқарылуда. Оның бірі осы соңғы үлгідегі бейнебақылау камераларының орнатылуы. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар одан ары жандандырылатын болады. Сондықтан, сақ болыңыздар. Өз өміріңізді ойлап, жол қауіпсіздігі ережесін сақтаңыздар, деп ескертеді.