ТҮРКІСТАН: Жыл басынан бері 5000-нан астам бала түрлі дене жарақатын алған

0
597

Өткен жылы балалардың әртүрлі дене жарақаттары бойынша 12080 оқиға тіркелген.


ТҮРКІСТАН: Жыл басынан бері 5000-нан астам бала түрлі дене жарақатын алған

Түркістан облысында жыл басынан бері 5000-нан астам бала әртүрлі дене жарақатын алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында жыл басынан бері 14 жасқа дейінгі 5040 бала әр түрлі дене жарақаттарымен дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Жарақаттардың ішінде аяқ-қолын сындырудың 900 жағдайы тіркелсе, 250 баланың денесін күйік шалған. Сонымен қатар, бастың жабық жарақатын алған 225 бала аурухана төсегіне таңылған.


Ал, өткен жылы балалардың әртүрлі дене жарақаттары бойынша 12080 оқиға тіркелген. Дәрігерлер мұндай келеңсіздіктерге ең алдымен ата-аналардың немқұрайлылығы себеп екендігін айтады. Сондықтан Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің мамандары ата-аналар мен ұстаздарды жазғы демалысты ұйымдастыруда қауіпсіздік ережелерінбарынша сақтауға шақырады. Келеңсіздіктердің алдын-алу тікелей ересектердің жауапкершілігінде болғандықтан жазғы сауықтыру орталықтарыбалалар демалысын дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.


Айта кетейік, Түркістан облысында 24 балаларға арналған сауықтыру орталықтары бар. Биыл өңірдегі әртүрлі әлеуметтік топқа жататын 11400 бала мемлекеттіңқаржыландыруымен сол орталықтарда демалатын болады. Сондай-ақ, онда демалу үшін ПТР сынамасын ақысыз тапсырады.