Түркістанда 20 қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды

0
545

Тұрғын үйдің барлық пәтері – 2 бөлмелі, 65-80 шаршы метр.


Түркістанда 20 қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды

Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 190 пәтерден тұратын 20 қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.


Облыс орталығында тұрғын үй кешендерінің саны артып келеді. Бүгінгі таңда Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 190 пәтерден тұратын 20 қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды. Тұрғын үйге осы жылдың қазан айында Түркістан облысы аумағында тұратын, тұрғын үй кезегінде тұрған, «Отбасы банк» АҚ-ның салымшылары тарапынан конкурсқа өтінімдер қабылданады.


Тұрғын үйдің барлық пәтері – 2 бөлмелі, 65-80 шаршы метр. Мердігер мекеме – «Inter Construction» ЖШС.