Түркістанда 300 мыңнан аса ағаш көшеті егіледі

0
781

Оның 202 400 данасы көктем мезгілінде, ал 134 данасы күз мезгілінде егілетін болады.


Түркістанда 300 мыңнан аса ағаш көшеті егіледі

Биыл Түркістанда 300 мыңнан аса ағаш көшеті егіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында биыл316 400 ағаш егіледі деп жоспарлануда. Оның 202 400 данасы көктем мезгілінде, ал 134 данасыкүз мезгілінде егілетін болады. Атап айтсақ, олар бейімділігі жоғары қарағаш, терек, сәмбі, тұт, шаған, үйеңкі акация, бал шегіртке, катальпа және жеміс ағаштардан: өрік, алма, шие, жиде мен бұталы ағаштар егіледі.


Одан бөлек, қаланы көркейту мақсатында раушан гүл, хризантема, эустома, тәжігүл, циннея, шафран, шалфей, гортензия, катарантус сияқты 35 000 дана көпжылдық және бір жылдық гүл көшет отырғызылады.


Жалпы, облыс орталығында көгалдандыру нысандары 626 гектарды құрайды. Онда 32 саябақ, 49 сквер, аллея, 56 көгалды көше, 16 жасыл алқапты алаңша, 262 гектар газон мен 8 гектарға созылған гүлзар және 1 200 000-нан аса ағаш бар.


Өткен жылы Түркістан қаласында 314 мың дана ағаш, 62 мың дана түрлі көпжылдық және біржылдық гүл көшеттері отырғызылды. Бүгінде егілген ағаштарға тірек байлау, арық ашу, арамшөбінен тазарту, ағашқа пішін беру үшін кесу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Сонымен қатар қаладағы 81 демалыс орынында (сквер, саябақ, аллея) кіші сәулет нысандар, құрал-жабдық, құрылғыларын (орындық,жарықшамдар, мүсіндер т.б), жаяу жүргінші жолы мен балалар ойын алаңдарын бояу, жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда.