150 гектар өрік бауын отырғызу жоспарланып отыр.
Түркістандағы «азық-түлік белдеуінде» жеміс-көкөніс сақтау қоймасын салу жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістандағы «азық-түлік белдеуінде» 2022 жылы сыйымдылығы 40 мың тонналық жеміс-көкөніс сақтау қоймасын салу жоспарланған. Сонымен бірге, 2022-2023 жылдар аралығында жоба құны 107 500,0 млн.тг құрайтын 100 га заманауи жылыжай кешенін салу және құны 1 420,0 млн.тг құрайтын 150 га өрік бауын отырғызу жоспарланып отыр.
Атап өту қажет, Түркістан облысында жалпы егістікті әртараптандыру (мал азығы дақылдары 2,6 мың га артып, 215,4 мың га құрады) жұмыстарының нәтижесінде 4,1 млн.тн мал азығын дайындалды. Сондай-ақ, жыл соңына дейін мал азығы 20% артығымен дайындалатын болады. Сонымен қатар, Келес, Сарыағаш, Жетісай, Мақтарал, Төлеби Шардара, Отырар аудандарының орман қорындағы жайылым жерін және «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жайылымдарын пайдалану туралы ауданаралық меморандумдар түзілді (581 агроқұрылымға 579,4 мың га жайылым жер, шөп шабуға 33 агроқұрылымға 2,3 мың га шабындық жер берілді).