Түркістанда 62 мыңнан астам жол қозғалысының ережелері бұзылған

0
1 343

Түркістан қаласында жол қауіпсіздігінің алдын алу шаралары өтуде.


Түркістанда 62 мыңнан астам жол қозғалысының ережелері бұзылған

Түркістан қаласының полицейлері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігі бойынша алдын алу шараларын жүргізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция басқармасының қызметкерлері мен Түркістан қаласы ПБ-ның қызметкерлерімен бірлесе отырып, жол қауіпсіздігінің алдын алу, оның қатысушыларының жол жүру ережелерін сақтауы, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ қала көшелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Облыс орталығының барлық көшелерінде полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол берген бұзушылықтарды анықтау мақсатында патрульдеу жұмыстарын жүргізіп, автокөлік иелері мен басқа да жол қозғалысына қатысушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.

Жол ережесін бұзғандарға тәртіп сақшылары электрондық форматта әкімшілік хаттама толтырды.

Еске салайық, 2019 жылдың басынан бері Түркістан қалалық полиция басқармасының ЖПҚ қызметкерлерімен 67 959 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде 5435-і қоғамдық орындарда жасалған және 62 524-і жол қозғалысы ережелерін бұзған.

Сондай-ақ, көлікті мас күйінде басқарған 321 жүргізуші, көлікті қарсы бағытта жүргізген 154 жүргізушіге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, сот шешімімен 484 жүргізуші автокөлікті басқару құқығынан айырылды. Полицейлер заңды бұзған 4979 жүргізушініңавтокөлігін айып тұрағына қойды. Құқық бұзушыларға қатысты полиция қызметкерлері шамамен 380 миллион теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, оның 288 миллион теңгеден астамы бюджетке өндірілді.