Түркістанда аналарға құрмет көрсетілді

0
606

Арнайы Алғыс хаттармен марапаттады.


Түркістанда аналарға құрмет көрсетілді

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Әже өнегесі» атты мерекелік іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістан қаласындағы «Басқармалар үйі» ғимаратының мәжіліс залында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Әже өнегесі» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Жиынды Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Дүйсенкүл Жамболова ашып, жүргізіп отырды.


Алқалы басқосуға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшылығы, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы, Облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымдары мен мүшелері, Түркістан облыстық Қазақстан Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесі, "Ассамблея жастары" Республикалық қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.


Іс-шарада сөз алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары - Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Дәурен Сариев Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінде берген тапсырмаларының орындалу барысы, алдағы бірлесе атқарар мақсат-міндеттер жайында айтып өтті.


Сондай-ақ, жиында Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Ш.Прімбетова отбасы құндылықтарын дәріптейтін «Бақыт – менің жүрегімде» тақырыбында және қоғамдағы аналардың рөлі мен жауапкершілігі және ұрпақ тәрбиесі туралы Түркістан қалалық өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы М.Ибрагимова сөз қозғап, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.


Келелі кеңес ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Басқосу барысында басқарма басшысының орынбасары Дәурен Сариев қоғам тәрбиесіне белсене атсалысып жүрген аналарымызды 8 наурыз - халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы А. Өсербаевтың атынан арнайы Алғыс хатпен марапаттады.


Жиынды қорытындылаған Дүйсенкүл Жамболова отбасы құндылықтарын нығайту бағытындағы жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырып, аналық ақ батасын берді.