Түркістанда «Армандар орындалады» іс-шарасы өтті

0
712

Он екінші рет ұйымдастырылған.


Түркістанда «Армандар орындалады» іс-шарасы өтті

Түркістан қаласында«Армандар орындалады» шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында он екінші рет ұйымдастырылған «Армандар орындалады» шарасы өтті. Жиынға Ордабасы және Отырар аудандарынан, Кентау қаласынан ерекше балалар қатысты.


Тілектері жазылған хаттарының арқасында қала басшысының қолдауымен Түркістанның көркем жерлерін аралап, «Керуен сарай» туристік кешенінде қайықта серуендеді. «Ұлы Дала Елі» орталығында Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.


Ерекше балаларға жігерлендіру мақсатында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев алғыс хатпен марапаттады. Онда «Сіздің өмірге деген құштарлығыңыз, білім мен ғылымға деген талпынысыңыз үлкендерге де күш-жігер береді. Қазақ елінің жас ұрпағы, болашақтың жарқын өкілі ретінде мақтан етеміз» делінген.


"Балалар да, ата-аналары да керемет көтеріңкі көңіл-күймен атсалысуда. Осымен 203 ерекше баланың арманын-тілегін орындаған жоба алдағы уақытта да ниетті жандардың атсалысуымен жалғасады деп сенемін. Демеушілер де түрлі сала мамандары. Бұл жолы Жетісай ауданы әкімі бастаған ондықта Сауран аудданы әкімінің орынбасары Мақсат Таңғатаров, белгілі актер Шәкен Амантұров, астаналық кәсіпкер Рафия Бижанова да бар", – дейді жоба авторы Әсел Бимырзаева.


Айта кетейік, жоба мақсаты – ерекше балалардың қарапайым армандарын орындау арқылы өмірге деген қызығушылықтарын арттыру, қоғамда елеусіз қалмайтындарын, әрқашан көмекке келетін жақсы адамдардың бар екенін жеткізу.