Түркістанда ауладағы мүліктерге зиян тигізу дерегі өте жиі орын алады

0
785

Кей подъездердің тазалығы сын көтермейді.


Түркістанда ауладағы мүліктерге зиян тигізу дерегі өте жиі орын алады

Түркістан қаласының әкімі пәтер иелері кооперативтерінің бірқатар өкілдерін қабылдап, мәселелерін тыңдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістандағы көпқабатты тұрғын үйлердің жай-күймен танысқан қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков пәтер иелері кооперативтерінің бірқатар өкілдерін қабылдап, мәселелерін тыңдады. Нұрбол Әбдісаттарұлы мүлікке күтім жасау, тазалық және көгалдандыру мәселелеріне кеңінен тоқталды.


«Пәтер иелерінің ай сайынғы жарналары мақсатты жұмсалуы тиіс. Кей подъездердің тазалығы сын көтермейді. Тиісті мекемелер бүлінген жерді бүтіндеумен емес, шешімін күткен өзге өзекті мәселелермен айналысқаны дұрыс. Бұл істе Сіздер бізге көмекші болыңыздар. Аулалардағы мүліктерге де зиян келтіру дерегі өте жиі орын алады. Тұрғындарға түсіндіріп, жауапкершілік пен ұқыптылықты арттыру арқылы, егілген ағаштарды сындырудың, бар нәрсені бүлдірудің алдын алған жөн», - деген шаһар басшысы жиынға қатысушыларды өз аумақтарындағы сектормен тығыз жұмыс жасауға шақырды.