Жарыс 24-26 маусым аралығында рухани астанада орналасқан спорт кешендерінде өтеді.
Түркістанда мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгін Түркістандағы «Түркістан арена» стадионында мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада басталды. Дүбірлі сынның ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев құттықтау сөз сөйлеп, былтырғы республикалық спартакададағы жеңісті жол биыл да жалғасын тапсын деген тілегін жеткізді. Биылғы спартакиада Ақтөбе қаласында өтеді деп күтіліп отыр. Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Өркен Балажанов та спортты серік еткен әріптестеріне сәттілік тіледі.
Биылғы сайысқа 1500 мемлекеттік қызметші қатысып жатыр. Олар волейбол, кіші футбол, қазақ күресі, гір спорты, жүзу, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат сынды спорт түрлерінен бақ сынайды. Жарыс 24-26 маусым аралығында рухани астанада орналасқан спорт кешендерінде өтеді. Жеңімпаздар Ақтөбе қаласында өтетін республикалық сайысқа жолдама алып, облыс намысын қорғайды.
Айта кетейік, спартакиада облытың құрылғанына 6 жыл толуына және 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылып отыр.