Түркістанда мемлекеттік рәміздер күніне орай көрме ұйымдастырылды.

0
4 929

Биыл Мемлекеттік рәміздерге 26 жыл толып отыр. Елбасымыз Н. Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол қойды.


Түркістанда мемлекеттік рәміздер күніне орай көрме ұйымдастырылды.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі 4 маусым – Қазақстан Республикасының Рәміздер күні мерекесіне орай «Түркістан тарихы» музейінде «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында көрме ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Биыл Мемлекеттік рәміздерге 26 жыл толып отыр. Елбасымыз Н. Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол қойды. Сол күні Президент резиденциясы мен Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің алдына Мемлекеттік ту тігіліп, елтаңба ілінді.

1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді. Сонынан мемлекеттік рәміздер туралы ереже 1996 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» арнайы конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен айқындалды.

2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды. Халық арасында кең танымал патриоттық ән «Менің Қазақстаным» жаңа Әнұран негізіне айналды. Қазақстан Республикасы жаңа Мемлекеттік әнұранның авторлары - Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Көрме экспозициясына мемлекеттік рәміздер – ту, елтаңба, әнұран, атаулы күнге орай бірегей фото суреттер мен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қаламынан туындаған еңбектері, сондай-ақ қысқаметражды деректі фильм көпшілік назарына ұсынылды.
Көрмеге Түркістан қала тұрғындары мен қонақтары және музей қызметкерлері қатысты.