Түркістанда "Назарбаев" зияткерлік мектебі ашылады

0
3 365

"Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік".


Түркістанда

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Рашид Аюпов ұстаздарды құттықтады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елімізде қазан айының алғашқы жексенбісі - Ұстаздар күні. Осы мақсатта, қала әкімі Рашид Аюпов "Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік" атты шараға қатысты.

Шаһар басшысы: "Мұғалім болу үлкен бақыт. Адам толық қабілетін ата анасынан, мектептегі ұстазынан, қоғамнан және осының бәрін бойына жинап, өзінің алып шыққан нәтижесінен көрсете алады. Сондықтан, адамның тұлға болып қалыптасуында ұстаздардың алар орны ерек. Барша "Ұстаз" деген ұлы атты арқалап жүрген жандардың қызметіне алғыс айтамын!", - дей келе шаһарымызда "Назарбаев" зияткерлік мектебі ашылатынын хабардар етті.

"ZOOM" форматында өткен кездесуде оқушылар ұстаздарға ән арнаса, ардагер мұғалімдер қызметке жаңадан келген, ант беру рәсіміне қатысқан жас мамандардың қызметтеріне табыс тіледі.Шара соңында Рашид Абатұлы мұғалімдерге ән арнаған мектеп оқушысына өз галстугын сыйға тартып, болашақта мықты маман болып, елімізді дамытуға үлес қосуына тілектес екендігін жеткізді.