Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы да қатысуда.
Түркістанда «Ғажайып кітап әлемі» атты республикалық кітап фестивалі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен 20 қыркүйек күні жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын – «KitapTime – 2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестиваліне Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы да қатысуда.
Кітап мерекесін журналист, «Түркістан Медиа Холдинг» ЖШС басқарушы директоры Тельман Бейсен,Тарих ғылымдарының докторы, профессор,
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Университетінің «Теология» факультетінің деканы, Халықаралық Туркия - Қазақстан достық қоғамы сыйлығының иегері Досай Кенжетайұлы және ҚР Мәдениет майталманы, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бұқаралық көрмелік іс-шаралар секторының меңгерушісі Пернекүл Нальтаева ашып, көпшілікті кітап оқуға шақырды.
Кітап оқуды кеңінен насихаттау, рухани,интеллектуалдық даму жолында жастарды ынталандыру және мәдени құндылықтарымызды халыққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылған «Ғажайып кітап әлемі» атты шара барысында арнайы кітап көрмелері және инсталляциялар жасақталып, келуші назарына ұсынылды.
Кітап фестивалі аясында жас ақын, журналист Бауыржан Ерманмен кездесу өтті. Сонымен қатар Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясын қолдау мақсатында фестиваль қатысушылары мен қонақтары кітапхана қорына кітап табыстап, кітап дүкендері сатылымға кітап шығарды. Акция аясында кітапхана қорына 300ге жуық кітап сыйға тартылды.
Шараның балаларға арналған бөлімі «АКА» шығармашылық орталығының өнерлі балаларының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Өнерлі балаларға кітапхана директорының атынан арнайы алғыс хат табысталып, сыйлықтар ұсынылды.