Түркістанда «Ясауи білім тарату орталығы» ашылды

0
707

Конференция қонақтары жаңарған шаһардың көрікті жерлерін тамашалап, алған әсерімен бөлісті.


Түркістанда «Ясауи білім тарату орталығы» ашылды

Түркістанда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары Академиясының орталығы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары Академиясының


«Ясауи білім тарату орталығы» ашылды. Бұл орталық облыстың 5 жылдығына арналған «Экологиялық жағдайды жасыл желектерді дамыту жолымен жақсарту және ауыл шаруашылығы дамуындағы мәселелер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында ашылып отыр. Шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, еліміздің және Өзбекстан, Қырғызстан, Үндістан мен Пәкістан елдерінің белгілі ғалымдары қатысты.


Дөңгелек үстелде осы саладағы бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының президенті, ҚР ҰҒА академигі Тілектес Есполов өз сөзінде академияның бүгінгі мақсаты ғылыми бағыттағы әлеуетті біріктіріп, оны қолдау және координациялау арқылы озық отандық инновацияларды өндіріске енгізіп, АӨК тиімділігін арттыру, кәсіпкерлердің біліктілігі мен технологиялық мүмкіндіктерін дамыту жолдарын жеткізді.


Жиын барысында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ университет ректоры Жанар Темірбекова оқу ордасының жұмысымен таныстырды.


Осы жаңадан ашылған орталықтың директоры қызметіне Битөре Жұмақанов тағайындалды. Орталықтың лентасын облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы мен ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының президенті, ҚР ҰҒА академигі Тілектес Есполов қиды. Білім тарату орталығының басты мақсаты – жетекші әлем елдерінің тәжірибесін ескере отырып, отандық озық білім мен технологиялардың өндіріске жедел жетуіне ықпал жасау мақсатында қажетті ғылыми жаңалықтарды көпшілікке жеткізіп, ауылшаруашылығы саласындығы ақпараттарды дер кезінде насихаттап отыру.


Конференция қонақтары Түркістанның «Жасыл белдеу» нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Олар Түркістанды жасыл желекке орау бойынша қажырлы еңбекке оң бағаларын беріп, еңбекті дамыту үшін өзара тәжірибе алмасып, ой-пікірлерімен бөлісті. Климаты құрғақ Түркістанда жасыл желекті жетілдірудің аса қиындығын тілге тиек етті. Сондай-ақ конференция қонақтары жаңарған шаһардың көрікті жерлерін тамашалап, алған әсерімен бөлісті.


Ал, бүгін тәжірибелі ғалымдар Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен өтетін «Облыстағы экологиялық жағдайды жасыл желектерді дамыту жолымен жақсарту және ауыл шаруашылығы дамуындағы мәселелер» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, баяндама жасайтын болады.


Айта кетейік, 2021 жылы ғалымдардың бас қосуымен өткен халықаралық конференцияда Түркістан облысының аймағында құрылып жатқан «Жасыл белдеуге» «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (КеАҚ) мен «Ә.Н.Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты» (әрі қарай-ҚазОШАОМҒЗИ) ЖШС-нің Алматы филиалы мамандарымен табиғи климаттық жағдайына талдау жүргізілген болатын. Соның нәтижесінде Түркістан облысы аумағындағы орман дақылдарының нормалық жерсіну және сақталу көрсеткіші 75 пайыздан 50 пайызға төмендетілген.


ҚазОШАОМҒЗИ мамандарының қорытындысына сәйкес, Түркістан қаласының қатаң континентальды климаты, желдің бағыттары мен соғу мерзімдері ескеріліп, қала айналасынан құрылып жатқан «Жасыл белдеуге» егілген орман екпелерінің нормалық жерсіну және сақталу көрсеткіші (көнімділігі) 50 пайызды құрайтыны анықталып, дәлелденді.