​Түркістанда жобалар ақылды технологиялар арқылы жүзеге асады

0
1 187

Түркістан қаласында азық-түлік және жасыл белдеу қалыптастыру жобасы басталды.


​Түркістанда жобалар ақылды технологиялар арқылы жүзеге асады

Түркістанда жүзеге асатын жобаларға ақылды технологиялар қолданылады – деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатын өткізген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев айтып өтті. Жиынға республикаға танымал БАҚ өкілдері және өңірлік төртінші билік өкілдері арнайы қатысты.
Облыс орталығын азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласы аймағында радиусы 15,0 шақырымды құрайтын азық-түлік және жасыл белдеу қалыптастыру жобасы басталды. Ғалымдардың сүйемелдеуімен ақылды технологияларды қолдана отырып жүзеге асатын белдеу 2 кезең бойынша жүзеге асады. Бұған қоса, 8 ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.
Ауа-райының қолайлылығы, халықтың еңбекқорлығы – өңірдің инвестициялық қабілеттілігін көрсететін басты өлшемнің бірі. Биылғы жылдың алғашқы бес айында инвестиция көлемі 60 млрд. теңгеден асты (өсім 132,9%). Сондай-ақ облыста бүгінде экспорттаушылар үшін 24/7 бірыңғай Call Center жұмыс істеп келеді және кәсіпкерлерге арналған барлық қажетті ақпарат орналасқан веб-портал сынақтан өткізілуде.