ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАҢА ЖОБА: Арнайы жолаққа енген жүргізушілер жазаланады

0
909

Орталық көшенің бойында көліктің тоқтауына мүлдем рұқсат берілмейді.


ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАҢА ЖОБА: Арнайы жолаққа енген жүргізушілер жазаланады

Түркістан жолдарында «BUS LANE» жолағы жүргізіледі, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласының көшелеріне ж үргізілетін «Bus Lane» жобасы –қоғамдық көліктердің жүруіне арналған арнайы жолақ. Қаладағы қоғамдық көліктер енді кедергісіз қимылдайтын арнайы жолақпен жүретін болады. Сондай-ақ, жасыл жолмен мүгедек арбасына таңылған мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен электромобилдер де жүре алады. Бұл жобаны облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке шаһар басшысы Рашид Аюпов таныстырды.

Жасыл түсті белгілер жақын күндері Түркістанның барлық көшелерінде пайда болады. Арнайы белгіленген жолға басқа көліктердің кіруіне және тоқтауына тыйым салынған. Ал, орталық Бекзат Саттарханов көшесінің бойында көліктің тоқтауына мүлдем рұқсат берілмейді. Жаңа жоба тесттік тәртіпте енгізілгендіктен, әзірге ереже бұзған жеке жүргізушілерге ешқандай айыппұл салынбайды. Бірақ, алдағы уақытта түсіндіру жұмыстары аяқталғасын арнайы жолаққа еніп кеткендер жазаға тартылмақ.

Атап өтсек, жаңа өзгеріс қаладағы кептелістің алдын алуға да бағытталған. Қоғамдық көліктерге, әсіресе қарбалас уақытта жылдамдықпен жүруге жол берілмейді және жолаушылар да тиісті жеріне уақытылы жете алады.

Бүгінде облыс орталығындағы орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін 100-ге жуық жолдардың жартысына жуығында тасжол төселген. Енді жолдың іргесін нығыздау, кәріз жүйесі құдықшаларының деңгейін көтеру сынды жұмыстар жүргізілуде.