Жыл сайын 300–500 мың түп гүл көшетін өндіреді.
Сарыағаштық шаруалар жылыжайда көкөністерден басқада өнімдерді өсіреді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сарыағаштық шаруалар жылыжайда көкөністерден басқада өнімдерді өндіріп, табысын еселеп жатыр. Солардың бірі Дербісек елді мекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Альфия Аширбаева. Ол өз иелігіндегі 35 соттық жылыжайының 15 соттығына көшені безендіруге арналған гүлдердің 20-ға жуық түрін өсіріп, еліміздің көшелерін абаттандыруға өзіндік үлесін қосып келеді.
Ол бастапқыда ауылшаруашылығын қолдау қорынан 6 млн теңге көлемінде төмен пайызды несие алып, жұмысын бастаған. Бүгінгі таңда жылыжайда жыл сайын 300–500 мың түп гүл көшеттерін өндіріп, Нұр-Сұлтан, Алматы және облыс орталығы Түркістан қалаларына сатып жатыр.