Күрес бәсекесіне әлемнің 30-ға жуық елдерінен ең мықты деген балуандар қатысып, боз кілем көркін қыздырды.
Ыстамбулда күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ыстамбулда күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті. Күрес бәсекесіне әлемнің 30-ға жуық елдерінен ең мықты деген балуандар қатысып, боз кілем көркін қыздырды. Тартысқа толы өткен бәсекеде еркін күрестен 110 келіде еліміздің намысы қорғаған түркістандық спортшы Едіге Қасымбек күміс медальді мойнына ілді. Ол ақтық бәсекеде Әзірбайжан елінің балуанына есе жіберіп, екінші орыннан көрінді.
Аса ауыр салмақта күш сынаған талантты балуанымыз Едіге Қасымбектің салмағында 16 балуан күш сынады. Жерлесіміз алғашқы үш қарсыласын айқын басымдықпен жауырынын жерге тигізді. Осындай ғаламат нәтижеге қол жеткізген Ер Едігенің алар асуы әлі алда.