Қазақстан ерлер құрамасы өз тарихында 3-рет толық құрамда Олимпиада жүлдесіне таласады.
Түркістандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бокстан Бангкок қаласында өтіп жатқан соңғы лицензиялық турнирде бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.
Шешуші айқаста жерлесіміз (63,5 кг) Молдова өкілі Александр Параскивтен 5:0 есебімен басым түсті. Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы өз тарихында 3-рет толық құрамда Олимпиада жүлдесіне таласады.
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Париж додасына жолдама алу үшін «тар жол, тайғақ кешуден» өтті. Алдымен ҚР Спартакиадасында топ жарды. Одан кейін Италиядағы лицензиялық турнирге қатысып, 1\16 финалда жеңілді. Елімізде кезекті рет осы салмақта іріктеу өткізіліп, 3 қарсыласын жеңді. Ал Тайланд төрінде 6 жекпе-жек өткізді. Кубалық қарсыласына есе жібергенімен қалған 5 қарсыласын жеңді. Үлкен еңбекпен келген жолдама Париж Олимпиадасының жүлдесіне айнала берсін!