Түркістандық диқандар бақша өнімдерін экспорттауды бастады

0
843

1 926 тонна егістікке арналған тыңайтқыш бөлінген.


Түркістандық диқандар бақша өнімдерін экспорттауды бастады

Шардаралық диқандар бақша өнімдерін экспорттау жұмыстарын бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шардара ауданында өткен жылы 10 338 гектар жерге бақша өнімдері егіліп, 262 895 тонна өнім алынған. Биыл 11 578 гектар аумаққа бақша өнімі дақылы егіліп, одан 300 мың тоннаға жуық өнім алу жоспарланып отыр.


Сондай-ақ, ауданға 1 926 тонна егістікке арналған тыңайтқыш бөлінген. Атап айтқанда, 931 тонна селитра, 530 тонна аммафос, 340 тонна сульфат аммоний және 125 тонна карбамид тасымалданды. Қосымша "Қазазот" ЖШС мекемесіне 700 тонна тыңайтқыш алуға өтінім берілген.


Жалпы айтсақ, қазіргі таңда аудан бойынша 59 300 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары егіліп, диқандардың бақша және мал азығы саналатын дақылдарды егу көрсеткіші артып келеді.