18 команда қатысқан жарыста түркістандық спортшылары үздік ойын көрсетті.
Түркістандық футболшылар елішілік лигада жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістандық жастар футбол командасы Қазақстан чемпионатының Екінші жасөспірімдер лигасында жеңімпаз атанды. Сәуір айында басталған футбол ойындары 4 айналымнан тұрады. 18 команда қатысқан жарыста түркістандық спортшылары үздік ойын көрсетті.
Жалпы «Түркістан» командасы барлық айналым нәтижесінде 19 ұпайға қол жеткізіп, ақтық кезеңге жолдама жеңіп алған болатын. Команда жаттықтырушылары – Ержан Бейсенов және Раушан Худайназаров.
Көкшетау қаласында өткен финалдық ойында «Жеңіс» және «Жетысу» командаларын жеңіп, Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Сонымен қатар «QJ League» ойындарына жолдама алды.