Дүбірлі додаға әлемнің түпкір-түпкірінен 8 команда қатысты.
Түркістанның «Тұран» гандбол клубы әлем кубогында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жуырда Италияның Терамо қаласында гандболдан 50-ші әлем кубогы сарапқа салынған жарыс өтті. Дүбірлі додаға әлемнің түпкір-түпкірінен 8 команда қатысып, өзара мықтыларын анықтады. Қазақстан Республикасынан Түркістан облысының «Тұран» гандболшылары қатысып, жоғары дәрежеде ойын өрнегін көрсетті. Клуб басшысы Сабыржан Бұлдырықов бастаған тұрандықтар бұл әлемдік додаға алғаш рет қатысып, үздіктер қатарынан көрінді.
Жарыс қорытындысында барлық қарсыластарынан басым болған Тунис елінің құрамасы жеңіс тұғырының ең биігінен көрінсе, екінші орынды Түркістан облысының «Тұран» командасы иеленді. Ал қола жүлдеге Италия құрамасы қол жеткізді.