Спорт клубының өз жұмысын бастағанына 3 жылдан асты.
Түркістандық команда футболдан 3-орын иеленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Спорт күні» мерекесіне орай Алматы қаласында өткен футболдан 2013-2014 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде түркістандық команда 3-орынға ие болды. 16 команда бақ сынаған жарыста Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының командасы» үздіктер қатарынан көрініп отыр. Турнирге дайындаған Еркебұлан Құнарбаев – Еуропа футбол қауымдастығы одағының С категориялы жаттықтырушысы.
Спорт клубының өз жұмысын бастағанына 3 жылдан асты. Содан бері облыс орталығындағы түрлі шараларға мұрындық болып, жүйелі жобаларды жүзеге асырып келе жатыр. Клубта шахмат, үлкен теннис, стритбол, қазақ күресі, футбол, дойбы, тоғызқұмалақ сияқты спорт түрлерінен 24 жаттықтырушы жұмыс істейді. Қазіргі таңда 1400-ге жуық оқушы аталған спорт үйірмелеріне қатысады.