«Биомедицина, инженерия және технологиялар» атты ХII Наурыз кездесулері өтті.
Түркістандық оқушы жүрек ауруын ерте анықтау жобасы арқылы республикалық байқауда жүлдегер атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
15 наурызда Астана қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында «Биомедицина, инженерия және технологиялар» атты ХII Наурыз кездесулері өтті.
Іс-шараға денсаулық сақтау саласы бойынша жасанды интеллект, робототехника және үлкен деректерді енгізу жобаларымен табысты жұмыс істеп келе жатқан барлық Зияткерлік мектептердің жас ғалымдары қатысты. Республикалық ғылыми жобалар байқауында Түркістандық зияткер, 9-сынып оқушысы Алтынай Исаева тың жоба ұсынып, үздіктер қатарынан көрінді.
Жас өнертапқыш «Жүректі диагностикалау үшін жасанды интеллект көмегімен электрокардиограмманың прототипін жасау» жобасы арқылы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Алтынай Исаева жобаның еркешелігіне тоқталды.
«Қазіргі таңда жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын симптомдардың жиілеуі және өлімнің көбеюі актуалды мәселелердің бірі. Осы орайда жетекшілеріммен бірге бағасы қолжетімді электрокардиограмманың прототипін жасап шықтым. Жоба өзектілігі – осы құрылғы көмегімен ауылдық жерлердегі адамдар уақыт пен ақшаны үнемдеп, жүрек ауруын тексеру процесін тездетуге және жеңілдетуге мүмкіндік алады», – деді түркістандық зияткер.
Наурыз кездесулері – оқушылардың ғылыми таланттары мен зерттеушілік шабыттырын көктем мерекесінің ең маңызды салт-дәстүрлерімен тоғыстыратын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының дәстүрлі ұйымдастырылатын іс-шарасы.
Заманауи ғылымның жаһандық басымдықтары ішіндегі ең өзекті тақырыптарға арналған кездесулер 2011 жылдан бері өткізіліп келеді.
Айта кетейік, «Жасанды интеллект және мехатроника» тақырыбындағы ХІ Наурыз кездесулері Түркістандағы NIS-те өткен болатын.