Жарыста әлемнің 31 елінен келген 262 спортшы бақ сынады.
Біріккен Араб Әмірлігінде пара жеңіл атлетикадан халықаралық ашық біріншілік өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Біріккен Араб Әмірлігінің Шардж қаласында пара жеңіл атлетикадан халықаралық ашық біріншілік өтті. Жарыста әлемнің 31 елінен келген 262 спортшы бақ сынады.
Осымен 11-рет ұйымдастырылған додада түркістандық Мұхан Айтмырзаевтың бағы жанды. 3 сайыс бойынша сынға түскен дарабоз найза лақтырудан алтын, диск лақтырудан күміс, ядро лақтырудан қола жүлдегер атанды.
Облыстық мүгедектерге арналған "Сауран” спорт клубы спортшысының жеңіске жетуіне бапкері Арыстанбек Отаубайұлының қосқан үлесі мол. Жетісай ауданының тумасы пара жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының спорт шебері.
Айта кетейік, Мұқан Жұмабекұлы "Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы 2022 жылдың үздік спортшысы”. Пара жеңіл атлетикадан ҚР-ның чемпионы. Пара жеңіл атлетикадан Өзбекстан Республикасы ашық біріншілігінің чемпионы.