Олар мереке қарсаңында жол қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.
Ордабасы аудандық полиция бөлімі қызметкерлері мереке күні көлік тізгініндегі қыз-келіншектерге гүл шоқтарын сыйлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шара жұмыстарын жүргізді.
Жұмыс барысында полицейлер көлік тізгініндегі әйелдер қауымын тоқтатып, мерейлі мерекелерімен құттықтап, гүл шоқтарын сыйлады.
Сондай-ақ, нәзік жандыларға жолда жүру ережелерін мұқият сақтауға шақырған.