Түркістандық сарапшы жаңа кодекс жайлы пікірімен бөлісті

0
657

Маңызды кодекс – ӘРПК туралы сарапшы пікірі.


Түркістандық сарапшы жаңа кодекс жайлы пікірімен бөлісті

Түркістан облысындағы мемлекеттік қызметшілерге арнайы дәріс өткізіп жатқан тренер-сарапшы кодекс жайлы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


1 шілдеде күшіне енетін жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс туралы Түркістан облысындағы мемлекеттік қызметшілерге арнайы дәріс өткізіп жатқан тренер-сарапшы – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Заң қызметі департаментінің бас сарапшысы Меруерт Бейсенова өз пікірін білдірді.


Оның айтуынша, ӘРПК ел азаматтарының барлық өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға ықпал етеді. Бұл дегеніміз – әкімшілік іс қаралғанда дәлелдемелерді жинақтау міндеті жеке азаматқа емес, мемлекеттік органға жүктелетін болады. Заңнамадағы барлық қарама-қайшылықтар мен дүдәмал тұстар азаматтардың мүдделерін ескере отырып, түсіндірілуі тиіс болады.


«Белгілі болғандай, әлемнің көптеген елдерінде осындай жүйе құрылған. Әкімшілік әділеттілік заңның үстемдігінің, мемлекеттік басқарудың және әкімшілік құқықтың маңызды сипаты болып табылады. Кодекстің негізгі мәні – азаматтың жүгінуі нәтижесінде қабылданатын әкімшілік акті, оны орындау, заңсыз актіні өзгерту, жоюмен байланысты әкімшілік органдарының қызметі, сондай-ақ әкімшілік орган және соттың дауларды шешу тәртібі болып табылады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процестік кодексі өзара екі байланыс нысандарының қызметін, яғни әкімшілік актіні қабылдау рәсімі мен оны даулау процесін көрсетеді», - дейді сарапшы.


Сарапшының пікіріне сүйенсек, Кодекске енгізілген жаңашылдықтардың бірі – тыңдау инситуты. Бұл дегеніміз қазіргі құқықтық мемлекеттегі басқа маңызды құрамдас бөлік басқарушылық шешім шығарар алдында мүдделі тараптарға қатысты тыңдауды жүргізу болып табылады. Жеке тұлғалардың өз ұстанымын, әкімшілік актіні шығару сатысына дейінгі дәлелдерді ұсынудың рәсімдік ережелері жария құқық субъектісінің іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі шешімді адресаттың оны қабылдау процесіне тартылуына негізделетініне құқықтық кепілдікті қамтамасыз етеді.


Жеке тұлғаның билік органдарымен өзара қарым-қатынастарындағы осы құқық иниститутын іске асыру үшін басқару органдарының болашақ шешімі туралы хабарлау институтын заңнамалық регламенттеу және жеке тұлғаға, ең алдымен, адам үшін қолайсыз шешім қабылдау көзделгенде, іс туралы өз пікірін айтуға (ауызша немесе жазбаша) мүмкіндік беру міндетті болып саналады.


«Мүдделері қозғалуы мүмкін тұлғаны хабардар етудің болмауы, сондай-ақ тыңдаудан заңсыз бас тарту тиісті әкімшілік рәсімді елеулі түрде бұзу болып табылады және шығарылған әкімшілік актіні заңға қайшы деп тануға негіз болады. Қорыта келе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процестік кодексі әкімшілік актіні қабылдау бойынша өкілеттік берілген әкімшілік органдар үшін жауапкершіліктер жүктейді және азаматтардың құқықтары мен мүделерінің жүзеге асырылуына толықтай ықпал етеді деп айтуға болады», - дейді сарапшы Меруерт Бейсенова.