Түркістандық табиғат жанашырлары «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

0
277

7 мекеменің қызметкерлері акцияны қолдап, өздеріне бекітілген аумаққа жаппай тазалық шарасын өткізді.


Түркістандық табиғат жанашырлары «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

Түркістан облысының табиғат жанашырлары «Таза Қазақстан» акциясы аясында игі іске үлес қосты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Еліміздің барлық аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр. Акция басталғалы Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты 7 мекеменің қызметкерлері акцияны қолдап, өздеріне бекітілген аумаққа жаппай тазалық шарасын өткізді.


Табиғат қорғаушылары бастаған, басқарма қызметкерлері қостаған сенбілік өтті.


Таң атпастан қолдарына құрал-саймандарын ұстап, тазалық шарасына кіріскен табиғат жанашырлары күл қоқысты жинап, жол жиегіндегі арамшөптерді шапты. Барлығы арнайы көлікке тиеліп, арнайы полигонға шығарылды.


Мамандардың айтуынша, табиғатты таза ұстау барлығымызға ортақ міндет. Игі іске атсалысқан табиғат жанашырлары аталған шараны тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.


Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы аясында өңірде тазалық жұмыстары жалғасатын болады.