Түркістандық тұрғын танысын тақырға отырғызып кеткен

0
797

1 300 000 теңгеден астам ақшасын үптеп кеткен.


Түркістандық тұрғын танысын тақырға отырғызып кеткен

Түркістан облысы полицейлері сарыағаштық тұрғынға «төмен бағамен көлік әперемін» деп уәде берген алаяқты ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті әйел азамат арызданып, танысы Ресей мемлекетінен «Киа» маркалы автөкөлікті төмен бағада әкеліп беремін деп алдағанын айтқан. Тұрғынның әбден сеніміне кіріп, 1 300 000 теңгеден астам ақшасын алған алаяқ не көлік әкеліп бермеген, не ақшасын қайтармаған.


Дегенмен, Сарыағаш ауданының полицейлері тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен алаяқты қолға түсіру, қылмысты ашу мақсатында кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, 2 тәулік ішінде күдіктінің ізіне түскен. Осылайша жедел уәкілдер күдіктіні Сарыағаш қаласынан ұстаған.


Тергеу нәтижесінде күдікті ер адамның бұдан бұрын да сотты болғаны белгілі болды. Оған қоса ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыыстарға қатыстылығы анықталуда. Ол өз кінәсін толық мойындады. Ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген күдікті қамауда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.