Түркістандық тұрғындарға тас лақтырғандар ұсталды

0
820

Үш туысы түрлі дене жарақатын алған.


Түркістандық тұрғындарға тас лақтырғандар ұсталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Кентау қаласында 32 жастағы жігіт оның туыстарына тас лақтырғандар ұсталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталған оқиға 21 шілде күні түнгі 00.30 шамасында орын алған. Түркістан облысы Кентау қаласында өз көлігімен үйіне қайтып келе жатқан 32 жастағы жігіт жолдың ортасында масаң күйде тұрып алған 29 жастағы ауылдасымен сөзге келіп қалған. Жанжалдың өршіп кетуінен сақтанған жігіт көлігіне отырып кетіп қалады. Бірақ та үйіне дейін жетіп үлгермеген. Соңынан бірнеше көлікпен іле шала жеткен бір топ белгісіз тұлғалар А. есімді жігітті кім ұрғанын сұрап, мұғалімге дөрекілік көрсете бастайды. Сосын себепсізден мұғалім мен оның көршісінің үйіне тас атқылаған. Салдарынан мұғалімнің үш туысы түрлі дене жарақатын алған. Оларға медициналық көмек көрсетілген.

"Бұл жайт ҚПБ-не тіркелді. Оқиға орнына шұғыл Түркістан облысы ПД басшылығы бастаған жедел-тергеу тобы шықты. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде жедел уәкілдер 4 күдікті тұлғаны анықтап, ұстады. Орын алған жағдайдың барлығы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады", - деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.