Түркістандық жастар халықаралық сайыста жүлдегер атанды

0
819

Еліміздің 20 өңірі мен Әзірбайжан және Өзбекстан командалары қатысты.


Түркістандық жастар халықаралық сайыста жүлдегер атанды

«Айбын – 2023» IX халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыстың айбынды жастары жуырда Қарағанды облысы, Спасск қаласында еліміздің 20 өңірі мен Әзірбайжан және Өзбекстан Республикаларының әскери-патриоттық клубтарының қатысуымен өткен «Айбын – 2023» IX халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында Түркістан облысының намысын қорғап, жүлделі ІІI орын иеленген болатын.


Арыс жұрты «Айбын-2023» IX халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының ІІI орын иегерлері «Арыс» құрама командасын салтанатпен күтіп алды.


Күтіп алу шарасына қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Әшімхан Момбеков, Арыс қалалық Ішкі саясат бөліміне қарасты Жастар ресурстық орталығының басшысы Мөлдір Сарыпбекова мен орталық қызметкерлері, ардагерлер және жас жеңімпаздардың туған-туыстары қатысты.


Салтанатты шарада қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Әшімхан Момбеков құттықтау сөз сөйлеп, шынайы лебізін білдірді.


«Арыс елі ақын-жыраулармен қатар, елін найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған батырлар да шыққан қасиетті мекен. Бабалардан бастау алатын батылдықтың сара жолы өскелең ұрпаққа өнеге. Бүгінде Арыстың айбынды жастары халықаралық әскери-патриоттық жиында жалпы командалық есепте жүлделі IІІ орынды иеленуі соның дәлелі. Жеңімпаз жастарымызды шын жүректен құттықтаймыз!» - деді ол өз сөзінде.


Жас патриоттарды айтулы жеңістерімен тағы да құттықтаймыз! Алға, Арыс елінің айбынды жастары!