Ақтөбе-Алматы бағытындағы жолаушылар поезді жолда тұрып қалған.
Түлкібастық жастардық ұйымдастыруымен жолда қалған жолаушыларға түскі ас таратылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Күні кеше Жамбыл облысында орын алған апат салдарынан Тараз-Алматы бағытындағы теміржол уақытша жабылғаны мәлім.
Осы орайда Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен және аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің қызметкерлерімен, ерікті жастар Түлкібас станциясында апат салдарынан түнгі сағат 23:00-ден бері аялдап тұрған Ақтөбе-Алматы бағытындағы жолаушылар поездінің 460 жолаушысына түскі ас таратты.
Сондай-ақ, мұндай игілікті істі Арыс қаласының азаматтары да ұйымдастырып, мыңнан астам адамға көмек көрсеткен.