Түркістандық желаяқтар ел чемпионатында жүлделі болды

0
545

2004-2005 жылғы туған жас спортшылар қатысты.


Түркістандық желаяқтар ел чемпионатында жүлделі болды

Астана қаласында жеңіл атлетикадан жас спортшылар арасында ел чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жуырда Астана қаласында спорттың падишасы – жеңіл атлетикадан 2004-2005 жылғы туған жас спортшылар арасында ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Жеңіл атлетика спортына әсіресе, жастар жағы аса қызығушылық танытуда.


Дүбірлі сында Түркістан облысының талантты спортшысы Ұлданай Абылхан 3000 метрге жүгіруден бас жүлдені қанжығасына байласа, болашағы жарқын жерлесіміз Аружан Алтыбай 2000 метр қашықтықта бақ сынап, күміс жүлдегер атанды. Аружан 800 метрде қола жүлдені қанағат етті.


Түркістандықтар бұл республикалық жарыстан 1 алтын, 1 күміс жүлде және 1 қола иеленді.