Түркістандықтар 114 млрд. теңгеге жуық қаржыға медициналық көмек алған

0
491

Денсаулық сақтау саласына бекітілген бюджет 227 млрд. теңгені құрайды.


Түркістандықтар 114 млрд. теңгеге жуық қаржыға медициналық көмек алған

Түркістан облысының тұрғындары сақтандыру пакеті шеңберінде 114 млрд теңгеге жуық қаржыға медициналық көмек алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры Бақыт Исмаханбетов хабарлады.


Спикердің сөзінше, биыл Қор филиалы медициналық көмек көрсетуге 225,1 млрд.теңгеден астам сомаға 183 денсаулық сақтау саласының мекемелерімен келісім шартқа қол қойған. Оның ішінде, кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне 113,1 млрд теңге, МӘМС пакетіне 113,9 млрд.теңге бөлу жоспарланған. Жалпы жыл басында Түркістан облысының денсаулық сақтау саласына бекітілген бюджет 227 млрд. теңгені құрайды. Сонымен қатар, жыл басынан бері медициналық ұйымдарға келісімшарттың 30 пайызын құрайтын 68,7 млрд.теңге аванстық төлем жасаған.


«Қор биыл жарты жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысының тұрғындарына сақтандыру пакеті шеңберінде көрсетілетін қызметтерге 113,9 млрд.теңге төледі. Оның ішінде, стационарлық көмекке — 32,5 млрд.теңге, консультациялық-диагностикалық көмекке — 17,4 млрд.теңге, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге — 15 млрд.теңге, жоғары технологиялық медициналық көмекке — 1 млрд. теңге және медициналық оңалтуға — 7,6 млрд. теңге бөлді. Ал, кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті бойынша көрсетілетін қызметтерге — 113,1 млрд.теңге қаралды. Оның ішінде, жедел медициналық көмекке — 10,2 млрд.теңге төленсе, медициналық-санитариялық алғашқы көмекке — 56,1 млрд.теңге төленді. Сондай-ақ, ауыл халқына тәуліктік және күндізгі стационарлық мамандандырылған медициналық көмекке — 12,7 млрд.теңге, инфекциялық ауруларға — 1,2 млрд.теңге және онкологиялық науқастарға — 5,4 млрд.теңге қаралды»,- деді Бақыт Торғайбайұлы.