Түркістандықтар бокстан командалық есепте үшінші орынды иеленді

0
519

200 спортшы 12 салмақ бойынша шеберліктерін шыңдады.


Түркістандықтар бокстан командалық есепте үшінші орынды иеленді

Павлодар қаласында бокстан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Павлодар қаласында 2-9 желтоқсан аралығында бокстан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ринг төрінде жеңіске жеткен Түркістан облысының құрамасы 1 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, жерлестерімізді қуантты.


Былғары қолғап шеберлері арасындағы жекпе-жекте жеңіске жеткен 92 келі салмақтағы түркістандық Абзал Құттыбеков жеңімпаз атанды. 63.5 келіде сынға түскен Түркістан облысының үміті Мухаммедсабыр Базарбайұлы мен 67 келі салмақта өнер көрсеткен Темірхан Тезек күміс жүлдеге ие болды. Бокстан талай әлемдік додаларда еліміздің намысын қорғап келе жатқан 86 келідегі дарынды боксшы Тоғамбай Сағындық күміс жүлдені иеленді.


Бокстан Түркістан облысының аға бапкері Нұркен Аңдасовтың шәкірттерінің жетістігі ауыз толтырып айтарлықтай. Биылғы жылдың басты додасында жұдырықтасқан болашағы жарқын Ержан Жомарт 51 келіде, Әбдікерім Бекболат 80 келі салмақта қола алқаны қанағат тұтты. Еліміз бойынша ең талантты әрі адуынды боксшылар қатысқан бұл додаға 200 спортшы 12 салмақ бойынша шеберліктерін шыңдады.