Заңсыз емхана ашып алған түркістандық тұрғын ұсталды

0
1 345

Дәрі-дәрмекті қымбат бағада сатқан.


Заңсыз емхана ашып алған түркістандық тұрғын ұсталды

Түркістан облысының тұрғыны өз үйінде рұқсатсыз ем қабылдайтын орын ашып ап, заңсыз қымбат бағамен заңсыз дәрі-дәрмек сатқан деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы Келес ауданының Ынтымақ ауылында жергілікті тұрғын заңсыз ем қабылдайтын орын ашып, қымбат сатқан дәрісін егіп жатқан сәтінде қолға түсті. Келес аудандық полиция бөлімі мен прокуратура қызметкерлері бірлескен тексеру барысында жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде, анықталған заңсыз ем қабылдау орнынан айғақтық зат ретінде «Аскорбиновая кислота», «Пирацетом», «5-мл шприц» 100-дана, «Новокоин дарница», «Амбробенна», «Супрастин», «Бетперде», «Мақта», «Натрий хлориді», «Глюкоза», «Аналгин», «Цианокобаламин», «Кальций глюканат», «Дематон», «Метрид», «Диклофенак Акос», «Лидокаина гидрохлорид», «Демотон Б-Нео», «Дексамитазан», «Амоксицилин», «Ампицилин», «Рибокцин», «Аскорбин қышқылы», «Эссенциалин», «Алоэ экстрант», «Система», «Кальций хлорид», «Терафлю», «Тайлол хот», «Трентал», «Актовегин» дәрілерін көп мөлшерде тәркілеп алған. Ұсталған тұрғын тергеу барысында дәрі-дәрмек препараттарын қымбат бағада сатқанын да мойындады.

"Аталған жайт Келес АПБ-не тіркеліп, заңдылығын тексеру үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасымен қауіпсіздігіне бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасына жолданды",- деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.