Өзбекстанның бас театры ОҚО-да өнер көрсетті

0
2 301

Гастрольдік сапардың жабылу салтанатында Өзбек ұлттық академиялық драма театрының директоры, Өзбекстан Республикасына қызмет көрсеткен әртіс, «Мехмат-Шухрат» орденінің иегері Масудов Фатхулла Хусанұлы жылы шыраймен қарсы алып, ерекше ықылас білдірген оңтүстікқазақстандықтарға алғысын білдіріп, екі ел арасындағы байланыс одан әрмен нығая беретіндігіне сенімділігін жеткізді.


Өзбекстанның бас театры ОҚО-да өнер көрсетті

ERNUR.KZ. 10-13 мамыр күндері Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының жылына орай Өзбек ұлттық академиялық драма театрының Оңтүстік Қазақстан облысында гастрольдік іссапары өтті. Аталған шара аясында өңірімізге келген өзбекстандық өнер ұжымы үш күн бойы облыс жұртшылығына Эркин Хушвақтовтың «Көңіл» комедиясын ұсынып, зор қошеметке бөленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мәдени қарым-қатынасты ұлғайту, көрші елдің сахнадағы ерекше қойылымдарын күнгей өлкенің көрермендеріне тарту етіп, достық байланысты паш етуге бағытталған сапар барысында өзбекстандық өнер ұжымы Шымкент қаласы мен Сайрам аудандарында аталған туынды арқылы отбасы бақыты мен құндылығы жайында терең ой қозғады.

Сондай-ақ, делегаттар өңіріміздің киелі орындары Сайрам ауданындағы Ибрахим ата, Қарашаш ана кесенелері мен Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи басына барып құран бағыштап, зиярат етті.

Гастрольдік сапардың жабылу салтанатында Өзбек ұлттық академиялық драма театрының директоры, Өзбекстан Республикасына қызмет көрсеткен әртіс, «Мехмат-Шухрат» орденінің иегері Масудов Фатхулла Хусанұлы жылы шыраймен қарсы алып, ерекше ықылас білдірген оңтүстікқазақстандықтарға алғысын білдіріп, екі ел арасындағы байланыс одан әрмен нығая беретіндігіне сенімділігін жеткізді.


Шара соңында театр ұжымына Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Шарафиева Ғалия Аликенқызы мен ОҚО Өзбек мәдени орталығының төрағасы Икрам Хашимжанов арнайы алғыс хаттар табыстады.