ЖАЙДАРМАН: «Мырзакент» орталық лигасының ойындары өтті

0
3 135

Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында аудандық жайдарман сайысының «Мырзакент» орталық лигасы сайысы өткізілді.


ЖАЙДАРМАН: «Мырзакент» орталық лигасының ойындары өтті

Мақтаарал ауданының жас жайдарманшылары өзара «кім мықтыны» анықтап, үздікті анықтау үшін бұл сайыста барын салды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мақтааралдық жас жайдарманшылар қалың көпшілікке күлкі сыйлап, әдемі ойын өрнегін көрсетті. Аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өткен «Мырзакент» орталық лигасы ойындарына аудан орталығы мен Мырзакент өңірі ауылдық округтерінен жасақталған тоғыз команда қатысты. «Жайдарман» ойындарының жастардың тұлға ретінде дамуына, тапқырлығын, талантын ашуға ықпалы зор. Осы ретте жастардың құлшынысын қолдап, көптің көзайымына айналған ойынды ары қарай дамыта беру маңызды»,- дейді Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Сүндет Кенжебаев.

Аталмыш өнер додасына қатысушы командалар қоғамдағы өзекті мәселелерді астарлы әзіл, заманға лайықты талғамдарымен, тапқырлықтарымен жеткізе білді.